Таза қоғамды таңдайық

(0 Votes)

Заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: Сыбайлас жемқорлықты тар мағынада – парақорлық ретінде, ал кең мағынадағы – мемлекеттік билікті пайдалану пайда күнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі ретінде қарастырған.

Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол, мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және белгілі бір мемлекеттік ұйымның беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-имыл Агенттігінің мәліметтері бойынша, сыбайлас-жемқорлық қылмысқа жататын қылмыстың жеке түрлері арасында өсім байқалады. Бұл жүргізіліп жатқан құқықтық оқыту, құқықтық мәдениеттің дамыту саласындағы жұмыстардың әлі де қарқынды түрде көбейту қажеттілігін білдіреді.

Қылмыстың субъектілері – мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін орындайтын адамдар, еңбекақылары ҚР мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар және т.б. саналады.

Объектісі болып – басқару тәртібіне, орнықты жұмысқа және мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына, сонымен қатар өзін-өзі басқару органдарына қасқойлық болып табылады.

Субъективтік жағы: бұл қылмыстар әрдайым қасақана мақсатта жасалынады. Ал объективті жағы ретінде әрекет арқылы, кейде әрекетсіздік арқылы да жасалатындығын ескерген жөн. Мысалы «Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану» іс-әрекет жасау-мен қатар іс-әрекет жасамау да болып табылады. Адам іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасайды. Ал әрекетсіздік танытты деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны танылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуға, біздің таңдауымыз бен жалпы болашақтағы жолымыз – таза қоғам екендігін әрдайым естен шығармауымыз қажет.

А.МҰҚАНОВА,

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521